Павлодарда банк менеджері төрт клиенттің есепшотынан ақша ұрлаған

29 Қаңтар 2015, 19:06
0
Павлодарда банк менеджері төрт клиенттің есепшотынан ақша ұрлаған - ©Тengrinews.kz мұрағатынан
©Тengrinews.kz мұрағатынан

Павлодарда банк қызметкерлерінің бірі төрт клиенттің есепшотынан жалпы сомасы 5 миллион теңгедей болатын қаражатты жымқырған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Банктің 22 жастағы әккі менеджер банк клиенттерінің карталық есепшотынан қаражатты заңсыз алуды ұйғарған. Ол үшін клиенттер базасынан өз есепшотын ұзақ уақыт бойы пайдаланбаған адамдарды іріктей бастайды. Сөйтіп, 60 жастағы клиентке назар аударады, банкте оның карталық есепшоты тіркелген, онда 951 000 теңге тұрғанына қарамастан, клиент бұл ақшаны пайдаланбаған", - деп хабарлайды полиция өкілдері. 

Менеджер жалған жеке куәлік жасап, клиенттің атына банк картасын ашады. Кейін клиенттің ескі есепшотынан жаңадан ашылған есепшотқа 951 мың теңгені аударады да, банкоматтан шығарып алады. 

Алаяқ мұнымен де шектелмеген. "Ақшаның дәмін білгеннен кейін ол дәл осындай әдіспен банктің тағы үш клиентінің есепшотынан жалпы сомасы 4 миллион теңдеген астам қаражатты алған", - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі. 

Павлодар полицейлері алаяқтық жасаған банк қызметкерін ұстады. Оның үстінен ҚР ҚК 3-бабының 1-бөлігінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша іс қозғалды. 

Еске сала кетейік, 2014 жылдың шілде айында Теміртауда "Еуразиялық банк" АҚ филиалы қызметкерінің өз танысымен бірге банктен алты миллион теңгені ұрлап кеткені хабарланған еді. Әріптесінің компьютеріндегі логин мен парольді пайдаланып, клиенттер мәліметтерінің базасына қол жеткізген қызметкер жалған есепшот ашып, оған банктегі қаражатты аударған. Сол банк қызметкерін бес жыл алты ай мерзімге, оның жұмыссыз танысын бес жылға бас бостандығынан айырды.

Ал сәуір айында Алматыда екінші дәрежелі банктердің біріндегі клиенттердің есепшотынан миллион доллар ұрлаған алаяқтар тобы ұсталған болатын. Полицейлер ақша ұрлауға банк қызметкерлерінің бірінің көмек бергенін әшкереледі. Банктің бөлім басшысы есепшоттан қомақты қаржыны ұрлауға көмектескеннен кейін жұмыстан шыққан. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай