27 маусым 2017 15:04

Павлодарда болған тағы бір төбелестің видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда болған тағы бір төбелестің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда болған тағы бір төбелестің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төбелестің видеосын әлеуметтік желілерде куәгерлер жариялап жатыр. Видеодан төрт адамның Павлодар көшелерінің бірінде төбелес шығарғанын көруге болады. Бірақ бір сәтте видеода бес адам көрінеді. Кадрлардан ер адамның "Оны ұрмаңдар!" деп айтып жатқанын естуге болады. Ал кейінірек қара киім киіп алған екі ер адамның соққыға жығылған жігіттердің бірін газонға қарай апара жатқаны көрінеді.

Куәгерлердің айтуынша, сол кезде жақын маңдағы түнгі клубтардың күзетшілері төбелескен. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сондай-ақ, өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер осы дерек бойынша тексерістің жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оқиғаның басқа мән-жайы айтылмады.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, зардап шеккендердің бірі - 25 жастағы павлодарлық жігіт.  "Жедел жәрдем бригадасы 26 маусымда шамамен таңғы сағат 4-те оқиға орнына барған. Зардап шеккен жігітке медициналық көмек көрсетілді, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер. 

Сол маңдағы тұрғындардың айтуынша, мұндай төбелес ол жақта бірінші рет болып отырған жоқ.

Павлодарлықтар әлеуметтік желілер арқылы облыс әкімі Болат Жұмабековке де бұл туралы айтқан екен. "Бізді, Естай көшесі, № 81/1 үйдің тұрғындарын қауіпсіздік мәселесі алаңдатады. Осы ғимараттың маңынан өту қауіпті. Біз әкім Болат Жұмабековтен осы мәселені шешуін сұраймыз. Қолдау көрсетеді деп сенеміз", - делінген хабарламада.

Облыс әкімдігіндегілер өз кезегінде павлодарлықтарға осы мәселенің назарсыз қалдырмаймыз деп уәде берді. "Ішкі істер органдарының қызметкерлері бұл оқиғамен айналысып жатыр. Бұл жағдайы облыс әкімі өз бақылауына алатын болады", - деді Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Азамат Байтенов.

Еске сала кетейік, осыған дейін Павлодар орталығындағы төбелестің адам өлімімен аяқталғаны жайлы хабарланған болатын.  Қайғылы оқиға қала орталығындағы "Арай" кафесінің маңында 11 маусымда таңғы сағат 5.00-де болған. Оқиға орнында түсірілген видео Instagram желісінде пайда болды. "Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 25 және 26 жастардағы екі ер адам ұсталып, қамауға алынды. Ұсталғандар "Арай" кафесінің маңында 43 жастағы ер адамды ұрып-соққан, кейін ол алған жарақатынан қайтыс болған", - деп хабарлаған болатын қалалық ІІД өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети