30 шілде 2018 17:41

Павлодарда бір топ адам соққыға жығылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодарда қала орталығында қара түсті киім кигендер өтіп бара жатқан адамдарды ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда қала орталығында қара түсті киім кигендер өтіп бара жатқан адамдарды ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосын куәгерлер Instagram желісінде жариялады. Видеодағы кадрлардан бес ер адамның төбелесіп жатқанын көруге болады. Бірнеше сәттен соң төбелеске тағы екі адам қосылады. Төбелес кезінде екі ер адам жерге құлаған кезде біреуі келіп, оларды ұрып-соғады. Төбелесіп жатқандардың бірінің қолынан дубинканы көруге болады.

Сондай-ақ, видеодан осы төбелесті тоқтатпақшы болып жатқан қызды көруге болады.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар сол маңдағы барлардың бірінің күзетшілері.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады.

"Әлеуметтік желілерде таралып жатқан видео дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Павлодардың 1984 және 1985 жылғы тұрғындары ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген полиция өкілдерінің  Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем қызметін ешкім шақырған жоқ және ешкім де медициналық көмекке жүгінген жоқ.

Еске сала кетейік, былтыр қаңтар айында Павлодарда күзет агенттігінің екі қызметкері сотталған болатын. Кафе клиенттерін соққыға алған күзетшілер 4,5 жылға сотталған болатын. Алайда 4 айдан оларға рақымшылық жасалып, жаза мерзімі қысқарған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети