13 желтоқсан 2020 17:00

Павлодарда дүкен өртеніп, 70 адам эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда көтерме-бөлшек сауда дүкенінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Павлодарда көтерме-бөлшек сауда дүкенінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"13 желтоқсанда сағат 13.30-да 101 пультіне Павлодар қаласының "Ласточка" көтерме-бөлшек сауда дүкенінде, бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас бір қабатты ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өртсөндірушілер келген бойда азық-түлік бөлімінің бутиктері, поликарбонаттан жасалған пластик шатыры жанып жатқаны анықталды.

Өртсөндірушілер баспалдақ маршы бойынша 70 адамды, оның ішінде 17 баланы эвакуациялады", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар (@pavlodar.times)

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген залал анықталып жатыр.

Өрт көлемі 350 шаршы метр. Тілсіз жау сағат 14.46-да ауыздықталып, 15.06-да сөндірілді.

Оқиға болған жерге ТЖ департаментінің, Полиция департаментінің және Апаттар медицинасы орталығы филиалының күштері мен құралдары, 42 адам және 13 дана техника шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети