01 қараша 2021 13:09

Павлодарда көлік үй қоршауына соғылды: 4 адам зардап шекті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда көлік жекеменшік үйдің кірпіштен қаланған қоршауын бұзып кетті. Оқиға салдарынан бір адам қиранды астында қалып, көлікте болған тағы үш адам зардап шекті - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда көлік жекеменшік үйдің кірпіштен қаланған қоршауын бұзып кетті. Оқиға салдарынан бір адам қиранды астында қалып, көлікте болған тағы үш адам зардап шекті - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видео мен суретті оқиға куәгерлері Instagram-да жариялады. Видеодан бүлінген екі көлік пен құлаған кірпіш қоршау, сондай-ақ ер адам жаяу жүргіншілер жолында үйілген кірпіш астында жатқаны көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

Павлодар облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты 1 қарашада сағат 08.40 шамасында болған.

"Абай-Горький көшелері қиылысында Горький көшесі бойымен келе жатқан ВАЗ-2110 автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі жол ережесін сақтамай, Honda көлігімен соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ жүргізушісі жекеменшік үй қоршауына соғылып, сол маңда өтіп бара жатқан ер адам қиранды астында қалған", - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

Зардап шеккен 63 жастағы жергілікті тұрғын. Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, ер адамның сол жақ жамбасы және шынтағы сынған.

"Сондай-ақ, ауруханаға 1963 жылы туған әйел, 1982 жылы туған ер адам және 24 жастағы қыз жеткізілді. Зардап шеккендердің миы шайқалып, жабық бас-ми жарақатын алған", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Полиция мәліметінше, зардап шеккен жолаушылар Honda көлігінде отырған.

"Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды. ВАЗ-2110 автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды", - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети