11 наурыз 2019 11:54

Павлодарда оқушының үстіне мұз құлап кетті: ПИК төрағасына айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Павлодарда оқушының үстіне мұз құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментіне сілтеме жасап.


Павлодарда оқушының үстіне мұз құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 6 наурызда болды. Полиция өкілдерінің айтуынша, сол күні жасөспірім үйдің кіреберісіне кіріп бара жатқан. 

"Кәмелетке толмаған бала басын жарақаттап алды. Миы шайқалып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Осы дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылды. Оқушы зардап шеккен Короенко көшесінде орналасқан үйге қызмет көрсететін ПИК (пәтер иелерінің кооперативі) төрағасына 30 АЕК (75 750 теңге) айыппұл салынды", - деді полиция өкілдері. 

Куәгерлердің айтуынша, баланың үстіне құлаған мұз шамамен 50 сантиметр болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети