11 қыркүйек 2022 08:29

Павлодарда суға батып кеткен футболшының денесі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: vesti.kz Фото: vesti.kz

Павлодарда Ертіске батып кеткен футбол жаттықтырушысы Роман Богдановтың денесі алтыншы күні табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда Ертіске батып кеткен футбол жаттықтырушысы Роман Богдановтың денесі алтыншы күні табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Поисковики Павлодара "Vita" қоғамдық бірлестігінің еріктілері мәліметінше, 27 жастағы павлодарлық футболшы Роман Богдановтың денесі қайтыс болған жерінен бір шақырым жерде табылған. Құтқарушылардың айтуынша, футбол командасының жаттықтырушысы досымен балық аулап жүріп, жардан құлаған. Ер адам бірден суға батып кеткен. Ол құлаған жерде су тереңдігі шамамен 12 метрге жетеді. Футболшының досы оған ешқандай көмек көрсете алмаған, өйткені жүзе алмаған.

"Құтқарушылар, полиция қызметкерлері, туыстары, достары, еріктілер Романды іздеді. Біз ол балық аулаған жерде өзенді бірнеше рет тексердік. Тек бүгін, алтыншы күні оның денесі су бетіне шығып, кездейсоқ табылды. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", - дейді "Поисковики города Павлодара "Vita" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Екатерина Кудрявцева.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті марқұмның табылғанын растады.

"Ертістегі Кенжекөл ауылы ауданында 10 қыркүйекте сағат 16.53-те ТЖД қызметкерлері 5 қыркүйекте суға батып кеткен 1995 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты", - деді облыстық ТЖД өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети