19 наурыз 2014 18:07

Петропавл түнгі клубында бір адам қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Паутина" түнгі клубы. ©Теngrinews.kz "Паутина" түнгі клубы. ©Теngrinews.kz

Петропавлда түнгі клубта ер адам үш адамға оқ атып, оның бірін өлтіріп тастады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мәдина Балғашықоваға сілтеме жасап. Төтенше оқиға "Паутина" түнгі клубында болған. Жанжалдың себептері белгісіз, әуелі әр түрлі топтағы ер адамдар сөзге келіп, кейін тарасқан. Бірақ олардың бірі қайтып келіп, бір адамды "Оса" тапаншасымен басынан атады. 23 жастағы жігіт сол жерде қайтыс болды. Оның екі серігі оқ жарақатын алды. Жергілікті интернет-форум қолданушылары жанжал ер адамдардың музыкалық талғамынан шықты деп жазады. Қайтыс болған адам өзіне ұнайтын бір әнді қоюды сұраған, бірақ ол өзгелердің көңілінен шықпайды. Полиция "Кісі өлтіру" және "Бұзақылық" баптары бойынша қылмыстық іс қозғап, Петропавлдың Игорь Сахаров деген тұрғынын іздестіріп жатыр. 33 жастағы келесі бір күдікті қолға түскен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети