11 қаңтар 2021 17:02

Петропавлда жанармай құю бекетіне жасалған шабуылдың видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Петропавлда жанармай құю бекетіне жасалған шабуылдың видеосы тарады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Петропавлда жанармай құю бекетіне жасалған шабуылдың видеосы тарады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, күдікті ұсталды.

11 қаңтарда полицияға Әуезов көшесіндегі жанармай бекеттерінің бірінде сағат 1.30 шамасында белгісіз қылмыскер терезені сындырып, кассадан 40 мың теңге ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Бейнебақылау камераларына орта жастағы ер адамның шыны ыдысты сындырып, ақшаны алып, белгісіз бағытта жоғалып кеткені түсіп қалған.

Күдікті Әуезов көшесіндегі жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталды. Ол бұрын бірнеше рет сотты болған облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Жедел уәкілдер келген кезде ол мас болған. Ұрланған ақшаның бір бөлігі алынған.

"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 191-бабының 3-бөлігі "тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты "қамауға алу" бұлтартпау шарасы таңдалды. Ол тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети