27 наурыз 2022 12:43

Петропавлдағы ЖЭО-2-де тағы да апат болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

26 наурызда сағат 21.30-да Петропавлдағы ЖЭО-2-де тағы да апат болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты кәсіпорынның баспасөз қызметі растады.


26 наурызда сағат 21.30-да Петропавлдағы ЖЭО-2-де тағы да апат болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты кәсіпорынның баспасөз қызметі растады.

"Қазіргі уақытта кәсіпорында екі қазандық және екі турбина жұмыс істейді. Желілік судың температурасы Цельсий бойынша 43-37 градус", - деді Петропавл әкімдігінің өкілдері.

Сондай-ақ, ЖЭО-2-де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқаны хабарланды. Олар қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз.

Еске салайық, 20 наурызда Петропавл ЖЭО-2-де 150 метрлік мұржаның бір бөлігі құлады. Оқиғадан кейін бір тәуліктен астам уақыт құтқарушылар кәсіпорын маманын іздеді. 22 наурызда 38 жастағы қызметкердің мәйіті үйінділердің астынан табылды. СҚО Прокуратурасы тергеу жүргізіп жатыр. 22 наурызда "ЖЭО-2" ЖШС директоры мен кәсіпорынның бас инженері ұсталып, Петропавл полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

ЖЭО-2-нің құлаған мұржасы 1961 жылы пайдалануға берілген. 2016 жылы құлаған құбыр жөнделген болатын. 2021 жылы қараша және желтоқсанда Петропавлдағы ЖЭО-2-де екі рет апат болды. Екі ретте де 2 қазандық істен шықты. Кейін қаланың бірнеше ауданы электр жарығынсыз қалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети