26 тамыз 2021 12:04

Петропавлдағы Тұңғыш Президент саябағында тіреулерге сурет салғандар іздестіріліп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлдың орталық алаңындағы қаланың айрықша белгісі - Тұңғыш Президент саябағындағы тіреулерге сурет салып тастаған. 16 бағанға жазулар жазып, телефон нөмірлері мен әдепсіз суреттер салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Петропавлдың орталық алаңындағы қаланың айрықша белгісі - Тұңғыш Президент саябағындағы тіреулерге сурет салып тастаған. 16 бағанға жазулар жазып, телефон нөмірлері мен әдепсіз суреттер салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Петропавлдағы Тұңғыш Президент саябағындағы тіреулерге түрлі суреттер мен жазулар жазып кеткен. 16 бағанадағы суреттер мен сызбалар алыстан көрінбейді. Алайда жақыннан қараса "лох", "убить сталкера" және басқа да жазуларды көруге болады. Тіреулердің бірі танысу, хабарландыру жазатын тақтаға айналған. Онда телефон нөмірлері мен әлеуметтік желілердегі парақшалар жазылған.

"Бұл жерде жасөспірімдер скейтбордпен уақыттарын өткізеді. Мүмкін, осының бәрін солар жасаған шығар? Олар бағанның бәрін түсініксіз, қорқынышты суреттермен толтырып тастаған. Бұрын бұл жер өте әдемі болатын", - дейді Елена Голубева.

Сурет салушылар тіреулердің Петропавлдың орталық алаңында орналасқанынан қорықпаған. Ол жерде жазулар ғана емес, әдепсіз суреттер де бар.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Бұл факт Петропавл полиция басқармасына тіркелген. Бұл жағдайда ҚР ҚК-ның 434-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері ("Ұсақ бұзақылық") байқалады. Әкімшілік іс қозғалды, құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр", - деді СҚО ПД өкілі.

Петропавлдың орталық алаңдағы бұл тіреулер бірнеше жыл бұрын тұрғызылған. Бұл тіреулер қаланың көркі ғана емес, мерекелік, бұқаралық іс-шаралар өтетін сахна.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети