Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Полиция Ақтау көшелерінде жалаңаш жүрген ер адам жайлы түсінік берді

05 Маусым 2015, 06:56
0
©Youtube кадры
©Youtube кадры

Полиция Ақтау көшелерінде жалаңаш жүрген ер адам жайлы түсінік берді, - деп хабарлайды "Лада".

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Әлия Шермағамбетова роликтің кейіпкері болған адамды ешкімнің ұрып-соқпағанын және зорлап шешіндірмегенін мәлімдеді. Полиция мәліметінше, 46 жастағы ер адам мас күйде дүкеннен арақ-шарап пен азық-түлік ұрлағысы келіп, оны күзет жасағы ұстап алған. Қызметтік бөлмеде болған ол шешініп, дүкеннен қашып шығады.

Оқиға 31 мамырда күндізгі уақытта Ақтаудың 4 ықшамауданында орналасқан "Қазақстан" сауда орталығындағы "Алтын" универсамында болды. Алайда құқыққорғаушылар роликтің кейіпкерін ұстаған кезде ол өзін біреулердің ұрып-соққанын айтады. Күдікті күзетшілерден жауап алу үшін полицейлер оларды да ішкі істер басқармасына жеткізді. Олар ер адамды ұрып-соқты делінген айыптаумен келіспеді. Күзетшілердің бірі дүкенге кірген ер адамның консервіленген бұқтырылған ет пен бір шөлмек арақты қалтасына салып жатқанын байқап қалғанын айтады. Сол арада күзетші оны ұстап, қызметтік бөлмеге апарады. Сонда күзет басшысы ер адамнан қалтасындағы заттарды шығаруды сұрайды.

Ұсталған ер адам қалтасындағы заттарды шығарып жатқан кезде күзетші, өзінің айтуынша, оқиғаны баяндау үшін мекеме әкімшілігіне кетіп қалады. Сонда ер адамға бұл сауда орнына бұдан былай келмеуін айтып, ескерту жасағаннан кейін үйіне жіберу туралы шешім шығарылған. 

Күзетшінің айтуынша, кабинетке оралғанда ер адам ұрланған тауардың өтемі ретінде киімін түгелдей тастап кеткісі келеді. Бұдан кейін ол күзетшінің жауабын күтпестен дүкеннен шығып, із жасырады. Күзетші оның соңынан қуғысы келмеген.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, кейбір күзетшілер өздерін лауазымды тұлға санайды, алайда Қазақстан Республикасының қарапайым заңдарын білмейді. Бірақ мұнда қызметтік бабын асыра пайдалау дерегі анықталмады. "Кейін ер адамның өзі бұл оқиғаны лезде ойлап шығара салғанын айтты, ал бутиктегі әйелдерге күзетшілердің "жабайылығын" айтып берген де, үстіне ілетін киім сұраған", - деп пікір білдірді Әлия Шермағамбетова. Оқиға "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестрінде тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр.  

Бұл уақытта "Лада" басылымының тілшісі жалаңаш адамды түсіріп алған видеокамера маңындағы "Пальмира" дүкенінің саудагерлерімен әңгімелесті. Саудагердің айтуынша, дүкенге жалаңаш ер адам жүгіріп кірген. "Ол үстіне ілетін шүберек сұрады. Біз абдырап қалып, оған жейде бердік. Ол киіп алды да, шығып кетті. Не болғанын түсіндірмеді. Ер адамның әрекеті есі сау адамға келеді және арақтың иісі шықпады. Бірақ оның бетінде жарақаттар болды. Сосын "Алтын" супермаркетінен күзетшінің шыққанын көрдік. Ер адамның қайда кетіп қалғанын көргісі келген шығар", - деді саудагерлердің бірі.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай