Қазақстандық екі азамат Әзірбайжаннан экстрадицияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық екі азамат Әзірбайжаннан экстрадицияланды Фото © РИА Новости

Қазақстанның екі азаматы Фархат Әбдірахманов пен Шавкят Зубанов Әзірбайжан Республикасынан елге жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның екі азаматы Фархат Әбдірахманов пен Шавкят Зубанов Әзірбайжан Республикасынан елге жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Екеуі де қылмыс жасады деген күдікпен тұтқындалған. Тергеу органдары Әбдірахмановты заңсыз жолмен есірткі заттарды алып, оларды сату мақсатында сақтап, тасымалдағандығы үшін, ал Зубановты қарақшылық шабуыл жасап, "Лексус LX 470" маркалы автокөлікті ұрлағаны үшін айыптауда.

Халықаралық іздеу жарияланған бұл адамдарды Әзірбайжанның құқық қорғау органдары қолға түсірген.

"Осы орайда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әзірбайжандық әріптестеріне қолға түскендерді елге қайтару туралы жіберген өтініштері қанағаттандырылды", - делінген Бас прокуратураның хабарламасында. Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, экстрадицияланған адамдар Алматы қаласының әуежайында тергеу абақтысы қызметкерлерінің қолына тапсырылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 512.07  course up  595.42  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети