18 шілде 2016 11:28

Сафар Шәкеевті полицейлер тікұшақпен іздеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сафар Шәкеев. Facebook парақшасынан Сафар Шәкеев. Facebook парақшасынан

Алматы полициясы Сафар Шәкеевті іздестіру жұмыстарына арнайы иттер мен тікұшақты пайдаланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полициядағылардың айтуынша, іздестіру жұмыстары Әл-Фараби даңғылының маңында ғана емес, қала бойында жүргізілу үстінде.


Алматы полициясы Сафар Шәкеевті іздестіру жұмыстарына арнайы иттер мен тікұшақты пайдаланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полициядағылардың айтуынша, іздестіру жұмыстары Әл-Фараби даңғылының маңында ғана емес, қала бойында жүргізілу үстінде.

Соңғы рет оны Әл-Фараби даңғылындағы "Казкоммерцбанк" орталық бөлімшесінде таңғы сағат 7.00-де көргендер бар. Сафар Шәкеев қызғылт түсті футболка мен көк джинс киген. Ертеректе Шәкеевті іздестіруге 50-ге жуық полицей жұмылдырылған мобильді топтардың жұмыс жасап жатқандығы хабарланған. 1991 жылғы Сафар Шәкеевтің із-түссіз жоғалғаны туралы хабар Медеу аудандық ішкі істер басқармасына 2016 жылдың 16 шілдесінде сағат 22.00-де түскен.

Сафарды іздестіру жұмыстарына еріктілер қосылды. Бекнұр Кисиковтың айтуынша, іздстіру жұмыстары таңертең басталып, әзірге дейін жалғасуда (17 шілде сағат 22.45 уақыты бойынша). Барлығы 40 адамды құрайды. "Біз бүгін трамплин аумағын, Ремизовка, Весновка өзенінің бойын тексеріп шықтық. Іздестіру жұмысына дронды қостық, ол әуеден шарлап шықты. Еріктілер жұмыс жасауда, алайда, өкінішке орай мәлімет жоқ", - деді Кисиков. Ол еріктілердің қалалық ІІд-мен бірлесе жұмыс жасағандығын айта кетті.

Оны көргендер мен мәліметі барлардан мына телефондар арқылы хабарласу сұралады: 8 (747) 626-48-54, 8 (701) 787-88-87, 8 (775) 478-87-71.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети