22 шілде 2016 11:58

Сафар Шәкеевті іздестіруге жергілікті тұрғындар полицейлерге жылқыларын берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сафар Шәкеев Сафар Шәкеев

16 шілдеде жоғалған Сафар Шәкеевті іздестіруге жергілікті тұрғындар полицейлерге жылқыларын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


16 шілдеде жоғалған Сафар Шәкеевті іздестіруге жергілікті тұрғындар полицейлерге жылқыларын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Іздестіру аймағында, таулы жерлерде, полицейлер төңіректі қарап шығу жұмыстарын жылқылармен іздеуде. Ол жерлерден өту мүмкін емес - Бағанашыл, Ремизовка. Жылқыларды жергілікті тұрғындар берген, себебі бізде атты бөлімшелер жоқ. Төрт атты полицей жергілікті аймақты кешеден бері тінтуде. Сонымен қатар кеше 100 полицей жазықты тексеріп шықты, ал Есентай өзенінің арнасында сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр", - деді  Алматы қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасының басшысы Зиадин Жанболат.

Соңғы рет оны әл-Фараби даңғылындағы "Казкоммерцбанк" орталық бөлімшесінде таңғы сағат 7.00-де көргендер бар. Сафар Шәкеев қызғылт түсті футболка мен көк джинс киген. Ертеректе Шәкеевті іздестіруге 50-ге жуық полицей жұмылдырылған мобильді топтардың жұмыс жасап жатқандығы хабарланған. 1991 жылғы Сафар Шәкеевтің із-түссіз жоғалғаны туралы хабар Медеу аудандық ішкі істер басқармасына 2016 жылдың 16 шілдесінде сағат 22.00-де түскен.

Оны көргендер мен мәліметі барлардан мына телефондар арқылы хабарласу сұралады: 8 (747) 626-48-54, 8 (701) 787-88-87, 8 (775) 478-87-71.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети