1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Сәтбаевта жедел жәрдем көлігі аударылды

© instagram/jezcars © instagram/jezcars

Сәтбаев қаласында жол талғамайтын көлік пен жедел жәрдем қызметінің көлігі соқтығысты. Нәтижесінде жедел жәрдем көлігі аударылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 30 маусымда Абай мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында шамамен сағат 17:30-да болды. Арнайы көлік пен жол талғамайтын көліктің соқтығысқан сәті куәгерлердің көлігінде орналасқан камераға түсіп қалып, видео әлеуметтік желіде тарап кеткен. 

Видеода жылдамдықпен келе жатқан жедел жәрдем жүргізушісі қиылыстан өтпек болған кезде Toyota Highlander көлігі оған соқтығысады. Нәтижесінде арнайы көлік айналып, аударылып қалған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от JEZCARS|JEZQAZǴAN|QAZAQSTAN?? (@jezcars)

"Жедел жәрдем қызметінің 32 жастағы жүргізушісі дабылды, қосып Абай көшесімен келе жатқан. Қиылыста ол арнайы көлікке жол беріледі деп ойлап, 35 жастағы қала тұрғынының көлігі Toyota Highlander-мен соқтығысады. Жол-көлік оқиғасын полиция тіркеді. Арнайы сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Ауданның Денсаулық сақтау басқармасы жол-көлік оқиғасының нәтижесінде дәрігерлер де, жол талғамайтын көлік жүргізушісі мен жолаушы зардап шеккенін хабарлады. 

"Әйел адам Жезқазғанның көпсалалық ауруханасына жеткізілді. Ал Toyota жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартты. Дәрігерлер мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі амбулаторлық емделуге жберілді", - дейді ведомство өкілдері.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!