20 қазан 2021 10:07

SCAT журналисті таңғалдырған ұшақ маневріне қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Григорий Беденко Фото: ©Григорий Беденко

SCAT ресейлік журналист Алексей Пивоваров мінген ұшақтың бағытын өзгертуіне қатысты пікір білдірді. Рейс Мәскеуден Қазақстанға бағытталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуекомпания баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


SCAT ресейлік журналист Алексей Пивоваров мінген ұшақтың бағытын өзгертуіне қатысты пікір білдірді. Рейс Мәскеуден Қазақстанға бағытталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуекомпания баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, әуе кемесінің тосын маневрі ұшақтың бақылау нүктесінен өту талабы қойылуына байланысты. Бұл ретте әуе кемесінің барлық әрекеті RVSM (Reduce Vertical Separation Minimum) аймағындағы әуе кемелерін бақылаудың халықаралық стандарттарына сәйкес орындалғаны айтылды.

"Мониторингті 2 жылда 1 рет өткізу қажет. Ең жақын бақылау нүктесі Великие Луки қаласында орналасқан. HMU жердегі көп позициялы бақылау жүйесі ұшу кезінде әуе кемелерінің көрсеткішін өлшейді. Талаптарды орындау үшін, әуе кемесі HMU қамту аймағында 120 секунд ішінде бағытын өзгертпестен деңгейлік ұшуды орындауы тиіс. Осы талапқа байланысты Великие Луки қаласындағы HMU нүктесі арқылы өтетін бағытты орындау жоспарланды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау және барлық қолданыстағы бақылау белгісі мен тексеруден уақытылы өту әуекомпания жұмысының ажырамас және басым бөлігі екенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік журналист, "Редакция" YouTube-арнасының авторы Алексей Пивоваров  Мәскеуден Қазақстанға ұшқан ұшақтың тосын әрекетіне таңғалғанын жазған болатын.

"Қызық оқиға болды. Біз Внуководан Қазақстанға ұштық, бірақ қазақстандық әуекомпанияның "Боинг 737-500" ұшағы шығысқа емес, қарама-қарсы жаққа қарай ұшты", - деп жазды Пивоваров Instagram-да.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алексей Пивоваров (@pivo_varov)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети