18 мамыр 2022 09:17

Щучинск базарында алапат өрт болды: бір адам өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі жолдаған кадрлар

Бүгін, 18 мамырда сағат 04-50-де Ақмола облысы, Бурабай ауданының Щучинск қаласында "Жомарт" базарының бір қабатты жеке тұрған ғимараты өртеніп кетті. Өртті сөндіруге 97 өртсөндіруші жұмылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы ауданы 3000 шаршы метр ғимараттың 1700 шаршы метрі өртеніп кетті. Ақпарат бойынша, 45 минут ішінде өртсөндірушілер өртті оқшаулап, жалынның таралуына жол бермеген. Осылайша, екі сағат ішінде өртті толығымен сөндірген.

"Өрт сөндіру барысында ер адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол базардың күзетшісі болуы мүмкін. Қазіргі таңда анықтау жұмыстары жүргізілуде. Өрт орнында өрт-техникалық зертханасы, полицейлер жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі анықталады. Өртті сөндіруге ТЖД 97 қызметкері мен 25 техника, жергілікті атқарушы органдардың үш қызметкері мен үш техникасы жұмылдырылды.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Өрт болған жағдайда дереу 101 нөміріне қоңырау шалу керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети