25 мамыр 2015 10:54

Семейде өзін-өзі өлтірген әскери қызметкердің денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Семейде өзін-өзі өлтірген әскери қызметкердің денесі табылды, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Семейде өзін-өзі өлтірген әскери қызметкердің денесі табылды, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Порталдың мәліметінше, сүңгуірлер Семейдегі көпірден Ертіс өзеніне 12 мамырда секіріп өлген әскери қызметкердің денесін екі апта өткеннен кейін тауып, су түбінен алып шықты. Полицейлер 21 жастағы жігіттің мұндай әрекетке неліктен барғанын анықтап жатыр.

Айта кетейік, құтқарушылар 20 жастағы қыздың денесі де ізделіп жатқанын хабарлады, ол 30 наурызда үйінен шығып, оралмаған. Куәгерлердің айтуынша, ол да көпірден Ертіске секіріп кетіпті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында әскери бөлімнің бұрынғы командирінің өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланған болатын. Оқиға ақпан айында Алматы облысындағы Боралдай ауылында болды. Қорғаныс министрлігінің өкілдері бұрынғы әскеридің өзін-өзі өлтіру ісін ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасы мен әскери прокуратура басқармасының қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы тергеп жатқанын айтты. "Марқұм өлер алдында хат қалдырған, оның мазмұны тергеудің мүддесіне байланысты айтылмайды. Бұрынғы әскеридің өлімі жайлы ақпарат тергеу шаралары аяқталғаннан кейін жария етіледі", - деді мамандар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети