31 шілде 2020 09:55

"Шектен шыққан жоқпын". Бұрынғы күйеуі қостанайлық мұғалімге жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео Скрин видео

Қостанайлық жас мұғалім Айсұлу Байтықованың бұрынғы күйеуі Әлібек Байтықов өзіне тағылған айыптауларға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ainanews.kz газетіне сілтеме жасап.


Қостанайлық жас мұғалім Айсұлу Байтықованың бұрынғы күйеуі Әлібек Байтықов өзіне тағылған айыптауларға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ainanews.kz газетіне сілтеме жасап.

Осыған дейін Қостанай облысындағы жас мұғалім оны бұрынғы күйеуі аңдып, бетіне қышқыл шашып жіберетінін айтып қорқытқанын мәлімдеген еді.

"Менің барар жерім жоқ, бірақ мына жерде өмір сүре алмаймын. Ол бетіме қышқыл шашып жіберетінін айтып, қоқан-лоқы көрсетеді. Қарабалық ауылында ешкім менің сөзіме құлақ аспайды. Өтінемін, маған көмектесіңіздерші. Балам шошып қалған, менің де, оның да психикасы бұзылды", - деген еді Айсұлу Байтықова.

"Бетіме қышқыл шашамын деп қорқытты" - желіде қостанайлық мұғалімнің үндеуі пайда болды

Бұл мәселеге қатысты мұғалімнің бұрынғы күйеуі Әлібек Байтықовтың өз айтары бар.

"Мен 34 жастамын. Менің өз пікірім бар, қалыптасқан тұлғамын. Екі жоғары білімім мен сүйікті жұмысым, жеке өмірім бар. Қызым Диананы жақсы көремін", - деді ол.

Сондай-ақ, Әлібек бұрынғы әйелі Айсұлуға 2013 жылы үйленгенін айтты.

"Біз бір-бірімізді жақсы көрдік, өмір бойы қол ұстасып, бірге боламыз деп жоспарладық. Алайда олай болмады. Оған екеуміз де кінәліміз. Ажырасу өте қиынға соқты. Ең бастысы екеуміз қызымызды қалай тәрбиелейміз деген мәселеде әртүрлі пікірде болдық. Бұл мәселе жағдайды ушықтырып жіберді. Бірақ мен некеде тұрған кезде, одан кейін де шектен шыққан жоқпын. Егер мен қолымды көтерер болсам, өзімді жігіт ретінде сыйламайтын едім", - дейді Байтықов.

"Мен туған қызымның анасын қалай ұрып-соғамын? Мен оны ешқашан аңдыған емеспін", - дейді ол.

Сонымен қатар, Әлімбек Айсұлудың неге Қарабалық ауылынан кеткенін түсіндірді.

"Айсұлудың Қарабалықтан кетуінің себебі ол басқа адаммен жеке өмірін жоспарламақ болды. Оның оған толық құқығы бар. Мен оны аңдып немесе жұмыстан босатқан жоқпын. Мен тек қызымның кетіп қалғанына өкіндім. Қуанышымызға орай бұл жағдайға қарамастан екеуміз жүздесіп жүрміз", - деді ол.

Сөз соңында Байтықов "НеМолчи" қорын біржақты пікір таратады деп кінәлады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети