26 қыркүйек 2016 | 16:06

Шенеуніктер Алматы облысында қаза тапқан ағайындылардың балаларына көмек беруге уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК © КТК

Алматы облысында қаза тапқан ағайындылардың артында тоғыз баласы қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында қаза тапқан ағайындылардың артында тоғыз баласы қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазіргі уақытта әкімдікте қаза тапқан азаматтардың отбасына материалдық көмек көрсету туралы мәселе қарастырылып жатыр. "Бірінші кезекте біз жерлеу рәсіміне көмектесеміз. Ертең сағат 9-да жерлеу рәсімі өтеді. Кейін заңнамаға сәйкес қаза тапқандардың отбасына көмек көрсету туралы мәселені қарайтын боламыз", - деді Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ.

Қайтыс болған азаматтардың бірінің өзінің тұрған жері Айнабұлақ станциясының аумағында жерленетіні белгілі. Ал қалған екеуі Алматы облысы Мұқыры ауылында жерленеді. Қазір олардың денесі мәйітханадан жерлеу рәсімі өтетін жерге жеткізіліп жатыр.


© ktk.kz

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. 

Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 492.22   522.51   5 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети