01 шілде 2021 10:35

ШҚО-да 8 жастағы бала мен анасы суға батып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында сегіз жастағы қыз ойнап жүріп суға құлап, батып кетті. Оны құтқаруға тырысқан анасы суға түскен, бірақ ол да ағынға қарсы тұра алмаған, - деп хабарлайды Устинка LIVE.


Шығыс Қазақстан облысында сегіз жастағы қыз ойнап жүріп суға құлап, батып кетті. Оны құтқаруға тырысқан анасы суға түскен, бірақ ол да ағынға қарсы тұра алмаған, - деп хабарлайды Устинка LIVE.

Қайғылы оқиға Алтай ауданы Зубовск ауылындағы Бұқтырма өзенінде болған.

"Ойынап жүрген сегіз жастағы қыз суға құлап, батып кетті. Куәгерлердің айтуынша, анасы қызын құтқаруға тырысқан, бірақ ол да жүзе алмаған. Әйел 1994 жылғы", - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Құтқарушылардың айтуынша, әйелдің денесі бала суға батқан жерден 10 шақырымнан аса жерден табылған. 

ШҚО ТЖД мәліметі бойынша, суға шомылу маусымы басталғаннан бері облыста сегіз адам суға батып кеткен, олардың екеуі - бала.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети