05 сәуір 2023 17:10

ШҚО-да аяусыз соққыға жығылған қыздың оқиғасы: жаңа мәлімет белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Шығыс Қазақстан облысында соққыға жығылған қызға қатысты жаңа видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысында соққыға жығылған қызға қатысты жаңа видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қыздың аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тараған болатын. Оқиға Өскемендегі сауда үйінің әжетханаларының бірінде болған.

Осы оқиғадан кейін Tengrinews.kz редакциясына тағы бірнеше видео келді, онда дәл сол қыз өзге бірнеше қыздың көзінше қатарласына күш қолданып жатқаны айтылған. Кадрларда бір қыздың екіншісін ерекше қатыгездікпен ұрып-соққаны көрсетілген.

Видеоны жіберген адам жазба Өскеменде түсірілгенін, видеода оның әпкесі оқитын мектептердің бірінің оқушылары бейнеленгенін айтты.

"Әпкем оқитын мектепте мұндай жағдай болып жатқанын анам айтты. Оның айтуынша, әпкем мектепке баруға қорқады", - деді видеоны редакторға жіберген адам телефон арқылы сөйлескенде.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бұл жергілікті сауда орталығындағы дәл сол ұрып-соғу эпизодының жалғасы. Оқиға осыдан бір айдан аса уақыт бұрын, биылғы 1-2 наурызда болған. Бұл факт Өскемен Полиция басқармасының Ертіс полиция бөлімінің ЕҚДБ-да ҚР ҚК-ның 293-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелген. Қазіргі уақытта соталды тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге мәлімет жария етілмейді", - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Өскеменнің білім бөлімі резонанс тударған видеоға қатысушылар қалалық мектеп оқушылары екенін хабарлады. Зардап шеккен оқушы қызды бірнеше рет ұрып-соғып, шабуыл жасағаны хабарланды. Құқықбұзушылық жасаған қызбен психологтар, құқық қорғау органдарының өкілдері, мектеп әкімшілігі жұмысты бастап кеткені атап өтілді.

"Қыздың алгоритмі әзірленіп қойған. Ол есепке қойылды, онымен психолог, тәрбие жөніндегі меңгеруші жұмыс істейді, оған тұрақты бақылау жүргізіледі. Ол жақсы отбасынан шыққан. Сонымен қатар, қазір мектепте 5-11 сынып аралығындағы барлық оқушылармен алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Өскемен қаласы Білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагузова.

Мектеп оқушысы мұндай әрекеті үшін оқудан шығарылмайды, оған 9-сыныпты бітіруге мүмкіндік беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Алматыда қойма өртенді

Валюта бағамы

 451.28   490.7   5.06 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети