22 мамыр 2022 23:18

ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды: бес адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суреттер Arnapress.kz сайтынан Суреттер Arnapress.kz сайтынан

22 мамырда Жарма ауданындағы Алматы - Өскемен тасжолында жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Arnapress.kz басылымына сілтеме жасап.


22 мамырда Жарма ауданындағы Алматы - Өскемен тасжолында жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Arnapress.kz басылымына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, жеңіл көлік трактордың тіркемесіне соғылған.

"Nissan Cefiro маркалы автомобильдің 36 жастағы жүргізушісі Алматы облысының Текелі қаласы жақтан Қалбатау ауылына қарай 959-шақырымда қауіпсіз қозғалыс жылдамдығынан асырып, ілеспе бағытта келе жатқан "Беларус 82.1" маркалы трактор тіркемесінің артқы бөлігіне соқтығысты", - деп хабарлады полицейлер.

Апат салдарынан оқиға орнында 36 жастағы көлік жүргізушісі мен төрт жолаушы қаза болды. Жарақат алған тағы бір адам ауруханаға жатқызылды.

Полиция ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тергеу бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети