25 қазан 2021 09:02

ШҚО-дағы ана мен баланың өліміне қатысты тергеу басталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да полиция "Ана мен бала" орталығындағы ана мен баланың өліміне қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ШҚО-да полиция "Ана мен бала" орталығындағы ана мен баланың өліміне қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО полиция департаментінде биыл 16 қазанда Өскемен қалалық полиция басқармасының сол жағалау полиция бөлімі "Ана мен бала орталығы" ШЖҚ КМК-ға қатысты медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамағаны, абайсызда адам өліміне әкеп соққан оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.

"Қазір қылмыстық іс бойынша қажет сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, денсаулық сақтау субъектісіне жоспардан тыс тексеру тағайындалды", - деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.


Сондай-ақ, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтерді жария етуге болмайтыны атап өтілді.

Еске салайық, 16 қазанда "Ана мен бала" орталығында босанған Айжан Мержақыпова мен оның дүниеге келген баласы қайтыс болғаны хабарланған. Марқұмның туыстары дәрігерлерді айыптаған.

Босануға қатысқан марқұмның күйеуі мен әпкесінің айтуынша, Айжан кесарь тілігін жасауды өтінген және осы операцияға алдын ала өтініш жазған, бірақ дәрігерлер олай істемеген. Одан бөлек, бала өздігінен шыға алмағасын, қайта итеріп жіберген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети