Шығыс Қазақстан облысында соққыға жығылған қыз ауруханаға түсті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Шығыс Қазақстан облысында құрбылары қатты соққыға жыққан қыз қазір ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында құрбылары қатты соққыға жыққан қыз қазір ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы растады. Жәбірленуші қазір ауруханада дәрігерлердің бақылауында.

"Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Туыстарының өтініші бойынша қыздың жағдайы туралы толығырақ мәлімет бере алмаймыз", - деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы.

Қызды ұрып-соғу оқиғасы осы жылдың сәуір айында Өскемендегі сауда орталығында болған. Желіге орталықтың әжетханасында түсірілген видео шықты. Жазбада бір бойжеткен өзінің құрдасын аяусыз соққыға жыққан сәтін көруге болады. Қақтығыстың тағы бір қатысушысы болған оқиғаның барлығын видеоға түсіріп алған. Оқиға жұртшылықтың наразылығын тудырды. Осыдан кейін Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әлеуметтік желіде құрдасын соққыға жыққан қыздың әкесі Антикор қызметкері деген ақпарат таратқан басылымдарға жауап берді. Алайда бұл ақпарат расталған жоқ.

Бұған дейін облыстық полиция оқиға биыл наурыз айының басында жасалғанын хабарлаған болатын.

"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - деді ШҚО Полиция департментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Күні кеше соққыға жығылған қыздың ұрып-соғу кезінде алған жарақатына байланысты ауруханаға түскені белгілі болды. Немолчи.kz қорының жетекшісі Дина Таңсәрі да әлеуметтік желідегі парақшасында зардап шеккен қыздың ауруханаға түскенін хабарлады.

"Бүгін қыз ауруханаға жеткізілді. Оның жарақаты көпке дейін кетпейді, көзінің айналасына қандай да бір сұйықтық жиналып қалған. Ұзақ уақыт бойы ісіну болды. Содан қатты ауырсыну басталды. Бүгін қатты ауырып, шыдай алмағасын, дәрігерлерді шақырттық. Дәрігерлер ол қызды алып кетті", - деп жазды Дина Таңсари.

Облыстық полиция тергеу құпиясына байланысты деректерді жариялаған жоқ. Tengrinews.kz тілшісі істің қай кезеңде жүріп жатқанын білу үшін Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне ресми сауал жолдады.

Бұған дейін Өскеменде соққыға жығылған қыздың туысы оқиғаның мән-жайын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer