09 ақпан 2015 12:08

Шығыс Қазақстанда 20 жолаушысы бар автобус жолдан ауып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Emer.gov.kz ©Emer.gov.kz

8 ақпанда Шығыс Қазақстандағы Өскемен - Павлодар автожолының 15-шақырымында 20 жолаушысы бар автобус жолдан ауып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


8 ақпанда Шығыс Қазақстандағы Өскемен - Павлодар автожолының 15-шақырымында 20 жолаушысы бар автобус жолдан ауып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскеменді бетке алған автобустың жолдан ауып кетуінен адамдар зардап шеккен жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жолаушылардың жол-жөнекей жүріп жатқан автокөліктермен сапарларын жалғастырғанын хабарлады. Сағат 22.10-да жол қызметі күштері автобусты Өскемен қаласына әкетті.

Бұл облыстың Жарма ауданындағы Өскемен - Алматы автожолынан 500 метр жерде, Қалбатау ауылынан 40 шақырымда "ВАЗ-2101" жеңіл автокөлігі де жол жиегіне шығып қалған. Облыстық ТЖД қызметінің құрамында 2 адам және бір техникасы бар өртсөндіру бригадасы 5 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, қаңтар айының ортасында Шығыс Қазақстан облысында өртсөндірушілердің қар құрсауында қалған жедел жәрдем көлігін құтқарғаны хабарланған болатын. Жедел жәрдем көлігі іші қатты ауырған 10 жастағы баланы Зырян қаласына әкеле жатып, жолда қарға батып қалған. Жүргізуші көлікті қар астынан өздігінен шығара алмаған соң құтқарушыларды шақырады. құтқарушы топ ол жерге бірнеше минутта жетіп, көлікті күртік қардың астынан сым арқанмен тартып шығарды. Ал жедел жәрдем дәрігерлері ауырған баланы тексеріп, қалаға жеткен соң хирургия бөліміне жатқызды. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда ұл баланың денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда, өміріне еш қауіп жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети