16 наурыз 2015 12:42

Шығыс Қазақстанда үш сәби жол апатынан зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©oren1.ru ©oren1.ru

Шығыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан үш сәби зардап шекті, - деп хабарлайды Yk-avto.kz. Жол апаты 14 наурызда Өскемен - Алматы тас жолында болды.


Шығыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан үш сәби зардап шекті, - деп хабарлайды Yk-avto.kz. Жол апаты 14 наурызда Өскемен - Алматы тас жолында болды.

Порталдың мәліметінше, екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысқан. Екі көлікте барлығы алты жолаушы болыпты, олардың үшеуі - бала. Әр түрлі дене жарақатын алған балалардың екеуі - 1 жаста, біреуі - 3 жаста.

"Полицейлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы сенбі күні таңертең облыс орталығынан 20 шақырым жерде болған. Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кеткен, соның салдарынан "ВАЗ 21014" көлігімен соқтығысты", - делінген жарияланымда.

ШҚО ІІД әкімшілік полиция қызметкерлерінің айтуынша, жол апатынан екі көлікте болған алты жолаушы да жарақат алған. Қазіргі таңда бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеуалды шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада көлікте бекіту құралынсыз тасымалданған бес айлық сәбидің жол-көлік оқиғасынан зардап шеккені хабарланған болатын. Бала түрлі деңгейдегі жарақатымен балалар ауруханасына жеткізіліп, оған медициналық жәрдем көрсетілді. Жол апатынан BMW көлігіндегі үш жолаушы зардап шекті, оларға да қажетті медициналық жәрдем көрсетілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети