Шығысқазақстандық әйел кене шаққаннан кейін комаға түсті

06 Мамыр 2014, 18:55
0
Шығысқазақстандық әйел кене шаққаннан кейін комаға түсті - ©РИА Новости
©РИА Новости

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында тұратын әйел кене шаққаннан кейін есінен танып қалған, - деп хабарлайды Yk-News.kz.

Әйел кене шаққаннан соң жергілікті ауруханаға көрінген, дәрігерлер оған иммуноглобулин препаратын қолданды. Бірақ біршама уақыттан кейін науқас комаға түскен. Дәрігерлердің түсіндіруінше, кене әйелге аса қатерлі вирус жұқтырған, содан науқастың жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, ол ақыл-есінен айырылған. 

Зардап шегуші тікұшақпен ауданнан Өскемендегі аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Дегенмен мұнда да ол есін жияр емес. Дәрігерлердің айтуынша, емдеу жалғаса береді, "өткір кезең" аталатын емдеу шаралары үш айға созылады.

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай