19 маусым 2023 09:48

Шымкент әкімі жануарларды аулау орнындағы жантүршігерлік кадрларға назар аударды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/inucobo_kz © instagram/inucobo_kz

Желіде Еңбекші ауданындағы Бадам тұрғын алабында орналасқан қаңғыбас жануарларды аулау қызметі орнынан жантүршігерлік кадрлар жарияланды. Шымкент билігі оқиғаға назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.


Желіде Еңбекші ауданындағы Бадам тұрғын алабында орналасқан қаңғыбас жануарларды аулау қызметі орнынан жантүршігерлік кадрлар жарияланды. Шымкент билігі оқиғаға назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Еске салайық, Қазақстандағы жануарларды қорғау қауымдастығы Instagram-парақшасында жануарларды аулау қызметі орнынан жантүршігерлік кадрларды жариялаған болатын – еденде тізілген ондаған мысықтың денесі, басы мен табаны кесілген мысық.

Мемлекеттік мекемедегі қатыгездік Қазнетті ашуландырды. Адамдар әлемдік БАҚ өкілдерін осы мәселеге назар аударуға шақырып, Қазақстанда қорғансыз жануарлардың құқығы бос сөз екенін айтып жатыр.

Назар аударыңыз! Видеода жантүршігерлік кадрлар бар!

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов оқиғаға объективті және құқықтық баға беру үшін құзырлы органдар өкілдерімен арнайы комиссия құруды тапсырған.

Сараптама барысында комиссия мүшелері бірқатар заңбұзушылықты анықтағаны айтылды: ауру жануарлардың сау жануарлармен байланысы, жануарлардың биоматериалдарын уақтылы шығармау және жоймау.

"Қазіргі уақытта тиісті шаралар қабылданып жатыр. Жағдай комиссия бақылауында", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети