21 маусым 2016 12:40

Шымкентте 14 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лилия Ахметова © ОҚО ІІД баспасөз қызметі Лилия Ахметова © ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Шымкентте полицейлер із-түссіз жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы Лилия Ахметованы іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте полицейлер із-түссіз жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы Лилия Ахметованы іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

17 маусымда әл-Фараби ішкі істер басқармасындағыларға жергілікті тұрғын хабар берген. Оның айтуынша, 15 маусым күні түнде қызы құрбысына кетіп, қайта оралмапты. Ата-аналары қызды іздестіру жұмыстары нәтиже бермегендіктен, ішкі істер органдарына хабарласқан.

Өтініш әл-Фараби аудандық ішкі істер басқармасына бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қызды іздестіру жұмыстарына ОҚО ІІД жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Айта кетейік, жедел қызметкерлер қыздың үйден бұған дейін де кетіп жүргенін анықтады.

Лилия Ахметованың белгілері: бойы 155 сантиметр, қасы мен көзі қара, шашы иығынан жоғары, сарғылт түсті, орта денелі. Жасыл түсті шолақ шалбар, ақ-ашық жасыл түсті жейде мен ақ түсті платформалы аяқ-киіммен болған. Өзімен бірге қара сөмкесі болды. Айта кетейік, жоғалып кеткен Лилия № 34 орта мектептің 8-сынып оқушысы.

Лилия Ахметованы көргендер болса мына телефондарға хабарласуды сұраймыз: 102 немесе +7 776 800 81 81, +7 701 087 78 78, 97 60 09.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети