27 қараша 2023 12:05

Шымкентте әйел жаңа туған сәбиді сатпақ болған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Шымкент полициясы жаңа туған нәрестені сату дерегін анықтады. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері 23 жастағы әйелдің баласына сатып алушылар іздеп жүргенін анықтап, делдал арқылы басқа облыстың 45 жастағы тұрғынын тауып, кейіннен мәміле жасауға келіскен.

"Факт ҚР ҚК-нің 135-бабы "Кәмелетке толмағандарды саудалау" бойынша тіркеліп, соталды тергеу басталды. Бала балалар үйіне орналастырылды", - деді Қанат Нұрмағамбетов Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.

Ол күдіктіге бірнеше рет алаяқтық жасады деген айып тағылғанын және оның көптеген қарыздары бар екенін айтты. Әйел қазір қамауға алынған

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети