Шымкентте ер адам менингит жұқтырды деген күдікпен қайтыс болды

15 Маусым 2018, 11:27
0
© nvdaily.ru
© nvdaily.ru

Шымкентте ер адам менингит жұқтырды деген күдікпен қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәліметті Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин растады. Айтуынша, қазіргі уақытта зертханалық тексеру жүріп жатыр.

"Зертханалық тұрғыда әлі расталған жоқ", - деп хабарлады Жандарбек Бекшин.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда менингококк инфекциясынан 2018 жылдың басынан бері 12 адам көз жұмған. Олардың алтауы Алматыда, үшеуі Алматы облысында, екеуі Оңтүстік Қазақстан облысында, тағы біреуі Қызылордада.

Еске сала кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов науқастардың жағдайын жеке бақылайтынын айтқан болатын.

Менингококк инфекциясы - бактериялар тудыратын, симптомсыз тасымалдаушылық, назофарингиттан (мұрын және жұтқыншақтың сілемейлі қабығының қабынуы) бастап менингит (ми қабығының қабынуы), менингококк сепсисіне (қанның зақымдануы) дейін әртүрлі клиникалық белгілермен өтетін -жіті инфекциялық ауру екендігін есте сақтау қажет. Инфекция көзі ауру адамдар және "дені сау тасымалдаушылар" болып табылады, яғни қандай да бір клиникалық белілері жоқ, бірақ олар менингококк көзі болып табылатын адамдар. Менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық кезеңділігімен сипатталады - қыста және ерте көктемде сырқаттанушылық өте жоғары.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай