28 қыркүйек 2016 09:40

Шымкентте жоғалып кеткен 15 жастағы қызға қатысты жаңа деректер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аида Абдусаматова © ОҚО ІІД баспасөз қызметі Аида Абдусаматова © ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Шымкентте жоғалып кеткен 15 жастағы Аида Абдусаматоваға қатысты жаңа деректер пайда болды. Қыздың анасы Бибігүл Сәдуақасованың айтуынша, оның қызы - Қарағанды қаласының тумасы, көп уақыт бойы анасының ата-анасымен бірге Сарыағашта тұрған. Содан қызы тоғызыншы сыныпты аяқтай салып, анасы оны Қарағандыға алып кетуді ұйғарған, - деп жазады "Отырар".


Шымкентте жоғалып кеткен 15 жастағы Аида Абдусаматоваға қатысты жаңа деректер пайда болды. Қыздың анасы Бибігүл Сәдуақасованың айтуынша, оның қызы - Қарағанды қаласының тумасы, көп уақыт бойы анасының ата-анасымен бірге Сарыағашта тұрған. Содан қызы тоғызыншы сыныпты аяқтай салып, анасы оны Қарағандыға алып кетуді ұйғарған, - деп жазады "Отырар".

"Аида - өте сабырлы қыз. Қызымда ешқашан телефон да болған емес, ол жаман адамдармен араласпайтын. Ол үлкен кісілердің ортасында өсті. Қызымның үнемі қандай бақылауда болғанын өздеріңіз де түсінетін шығарсыздар. Сол күні Аида үлкен әпкесімен бірге қалада болып, базарға кеткен еді. Киім-кешектерін сатып алып, базардың алдында әпкесінің құрбысының үйінде кездесуге келіскен. Содан әпкесі өз шаруаларымен кетіп қалады. Ал Аидада ол кезде заттары мен 500 теңге бар еді. Сол уақыттан бері оны ешкім көрмеді. Аида жоғалып кетпестен бір күн бұрын біз оны үйге алып кететінімізді айтқан едік. Ол сонда қатты қуанбаған болатын. Мүмкін ол барғысы келмеген болар, осында тұра бергісі келетін шығар. Аида біздің телефон нөмірлерімізді біледі. Қызым, өтінемін, үйге қайт! Барлығы сен айтқандай болады! Біз уайымдап отырмыз", - деді анасы.

Еске салайық, 15 жастағы Аида Абдусаматова 13 қыркүйекте із-түссіз жоғалып кеткен болатын. "Қыздың бойы шамамен 155-160 сантиметр, орта пішінді, шашы қара, көзі қара. Үстінде қызғылт сары түсті күрте, қара түсті спорттық шалбар, аяғында жазғы аяқ-киім. Ішінен төмен оң жақта соқыр ішектен қалған отаның ізі бар", - делінген ОҚО ІІД жариялаған хабарламада. 

Аиданың туыстары қыздың аман-есен табылатынына сенеді. Олардың айтуынша, қыз тек ата-әжесінен кеткісі келмей отырған болуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети