22 маусым 2016 11:57

Шымкентте жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com © vk.com

Шымкент полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен 14 жастағы Лилия Ахметованы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап.


Шымкент полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен 14 жастағы Лилия Ахметованы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап.

Қылмыстық істі тексеру полициясының қызметкерлері жоғалып кеткен оқушы қызды 21 маусым күні жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тапты. Қыз танысының үйінен аман-есен табылды. Полицейлердің айтуынша, оның денсаулығына еш қауіп жоқ. Қажетті тексерістерді жүргізген соң тәртіп сақшылары Лилияны ата-анасына қайтаратынын айтты. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тексеріс жүріп жатыр.

Еске салайық, 21 маусымда ОҚО ІІД із-түссіз жоғалып кеткен Лилияны іздестіру жұмыстарын бастаған болатын. Өтініш әл-Фараби аудандық ішкі істер басқармасына бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қызды іздестіру жұмыстарына ОҚО ІІД жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Айта кетейік, жедел қызметкерлер қыздың үйден бұған дейін де кетіп жүргенін анықтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети