05 сәуір 2021 11:23

Шымкентте көлік жылқыны соққан: 3 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Түркістан облысында Toyota Camry 50 көлігі жылқыны соққан. Облыстық полиция департаменті бір отбасынан үш адам қаза тапқанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысында Toyota Camry 50 көлігі жылқыны соққан. Облыстық полиция департаменті бір отбасынан үш адам қаза тапқанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Назар аударыңыз! Видеоны жүйкесі әлсіз адамдарға көруге болмайды!

Полиция мәліметіне сүйенсек, жол апаты 3 сәуірде сағат 20.30 шамасында Самара-Шымкент тасжолында болған. Шымкент тұрғыны Toyota Camry 50 маркалы автокөлігімен Түркістаннан келе жатқан. Бір сәтте жолдың сол жағынан жүгіріп шыққан жылқыға соғылған.

"Оқиға орнында үш адам қаза тапты: күйеуі мен әйелі және олардың кәмелетке толмаған немересі. Көлік жүргізушісі, қаза тапқан ерлі-зайыптының күйеу баласы түрлі дене жарақатымен Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Дерек ҚР ҚК 345-бабы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тіркелді.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети