21 қараша 2015 09:23

Шымкентте полицейлер өзін өлтірмекші болған қызды аман алып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "ТВК" © "ТВК"

Шымкенттік полицейлер жас қызды өлімнен аман алып қалды, - деп хабарлайды ТВК.


Шымкенттік полицейлер жас қызды өлімнен аман алып қалды, - деп хабарлайды ТВК.

Оқиға 20 қараша күні түнде тіркелді. Жас қыз Рысқұлов көшесінде орналасқан көпірден секіріп кетпекші болған. Өтіп бара жатқан адамдар қыздың бұл әрекеті туралы полицияға хабар берген. Оқиға болған жерге келген тәртіп сақшылары қызды әрең құтқарып қалды.

Еске сала кетейік, Алматыда 8 қараша күні полицейлер дәл осындай оқиғаның алдын алған болатын.  Қалалық ІІД мәліметінше, Әуезов ауданы бойынша "Буран-11" жол-патрульдік полициясының экипажы 8 қараша күні хабарлама алған. "Бір минуттан кейін біз Қабдолов пен Сайын көшелерінің қиылысына келіп жеттік. Жолдың арғы бетіндегі қыз өзін өлтіруге шешім қабылдаған еді. Біз жақындауға мүмкіндік алу үшін онымен алыстан әңгімелестік", - деді Алматы ІІД жол-патрульдік полиция полкінің инспекторы Әділ Әділханов.

Әңгімелесу барысында полицейлер қыздың мұндай қадамға отбасындағы келеңсіздіктерден барғалы отырғанын анықтаған. "Біздің білуімізше, оның емшектегі баласы бар. Бұл біздің әңгімені ұзартуымызға себеп болды. Біз оған баласы туралы ойлауын ұсындық. Ол бірнеше уақыт бойы төмен қарап тұрды да, секіріп кетпекші болды. Сол кезде мен жүгіріп барып оны ұстап қалдым. Осылайша қыз құтқарылды", - деді құқық қорғау органдарының қызмкерлері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети