Шымкентте үш адамды қаққан полицей. Оқиғаның адамшошырлық мән-жайы анықталды

22 Тамыз 2017, 14:18
0
Шымкентте үш адамды қаққан полицей. Оқиғаның адамшошырлық мән-жайы анықталды -

Шымкентте болған жантүршігерлік жол апатының видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Отырар" телеарнасының мәліметінше, видеода куәгер полицей келгенше үш адамды қаққан көліктің нөмірлері алып тасталғанын айтады. Ер адамның айтуынша, жедел жәрдем видео түсірілместен 15 минут бұрын шақырылған. Сол сәтте жол апатынан зардап шеккен ер адам әрең дем алып жатқан.

"Қыз бен сәби қатты қиналып жатыр, ал жедел жәрдем әлі жоқ", - деп айғайлайды ер адам видеода.

Жол-көлік оқиғасы жайлы бастапқыда сол жақтан өтіп бара жатқан автобустың жолаушылары хабарлаған. Автобус жолаушыларының айтуынша, ишетелдік көлік жүргізушісі велосипедпен кетіп бара жатқан үш адамды қағып кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, ерлі-зайыпты қызымен бірге бағдаршамнан жолдан өтпекші болған. Осы сәтте BMW көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, оларды қағып кеткен. Бірақ иномарка жүргізушісі зардап шеккендерге көмектеспей, көліктің нөмірін жасырып, оқиға орнынан жасырынған.

"Науқас қыз ауыр жағдайда түсті. Тексерістен кейін бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Шокқа қарсы терапия жүргізілді. Ота жасалды. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы ауыр", - деді травмотолог дәрігер Данияр Оразбаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін 18 тамызда Шымкентте 32 жастағы полицейдің BMW көлігімен үш жаяу жүргіншіні қағып кетіп, салдарынан бір адамның қаза болғаны жайлы хабарланған болатын. "Оқиға орнына барған полицейлер BMW көлігінің 1985 жылғы жүргізушісінің үш жаяу жүргіншіні қағып кеткенін анықтады. Салдарынан 1980 жылғы ер адам оқиға орнында көз жұмып, тағы екі адам зардап шекті: 1981 жылғы әйел мен 2010 жылғы бала. Олар алған жарақаттарымен Шымкент қалалық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлаған еді облыстық ІІД өкілдері.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай