14 мамыр 2020 10:35

Шымкенттегі ТЖ: тағы 31 адам эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ТЖК © ТЖК

Шымкенттің Еңбекшіқазақ ауданын су басып, 31 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖК өкілдеріне сілтеме жасап.


Шымкенттің Еңбекшіқазақ ауданын су басып, 31 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖК өкілдеріне сілтеме жасап.

Қатты жауын-шашын салдарынан Бадам өзенінің су тасыған. 14 мамырда сағат 01.14-те хабарлама келіп түскен.

"Өзен суы тасығандықтан екі тұрғын үйдің қирауына қауіп төніп тұр (үйлердің қашықтығы 7-8 метр). ТЖД өкілдері 31 адамды № 84 орта мектепке эвакуациялады. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. ТЖД 16 қызметкері мен 5 дана техника жұмылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше кешке Түркістан облысында толассыз жауған жаңбыр мен су деңгейінің көтерілуінің салдарынан ондаған үйді су басқаны хабарланған еді. Төле би ауданы Екпінді ауылында Қасқасу өзенінің су деңгейі көтерілуіне байланысты төрт жеке үй мен 15 ауланы су басқан. Жоғарғы ауылында төрт автомобиль көпірін су қиратып кеткен. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети