15 желтоқсан 2022 09:42

СҚО-да газ баллоны жарылып, ер адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: drive2.ru Фото: drive2.ru

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында газ баллонының дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан оқыс оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Petropavlovsk.news сайтына сілтеме жасап.


Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында газ баллонының дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан оқыс оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Petropavlovsk.news сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 6 желтоқсанда болған. Қайғылы оқиғаға дейін үй иесі жылыту үшін үйге газ баллонын әкелген.

"Жылы жерде баллон кеңейіп, газ-ауа қоспасы жарылып, содан кейін өрт шықты. Өрт салдарынан тұрғын үйге механикалық зақым келді. Ғимараттың 36 жастағы иесі ауруханаға жатқызылды. Ер адамның денесі 60 пайыз күйіп қалған. Дүйсенбі, 12 желтоқсанда алған жарақаттарынан зардап шеккен адам медициналық мекемеде қайтыс болды", - деді Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының уақытша міндетін атқарушы Айдар Мұсатаев.

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы бір аптада 25 өрт оқиғасы болғаны хабарланды. Өрт үш адамның өмірін қиған. Облыстың төрт тұрғыны әртүрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети