05 сәуір 2022 09:11

СҚО-да мектеп-гимназия акт залының шатыры опырылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

СҚО Аққайың ауданы Тоқшын мектеп-гимназиясы акт залының төбесі жартылай құлаған. Оқиға 4 сәуірде болған. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы СҚО Білім басқармасының баспасөз қызметі өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


СҚО Аққайың ауданы Тоқшын мектеп-гимназиясы акт залының төбесі жартылай құлаған. Оқиға 4 сәуірде болған. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы СҚО Білім басқармасының баспасөз қызметі өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның алдын ала себебі - іргетастың шөгуі және шатырдан су ағуы.

"Оқиға орнына уәкілетті органдардың басшылары барды. Сондай-ақ, мән-жайды анықтау және шара қабылдау үшін арнайы комиссия құрылды", - деді СҚО Білім басқармасының баспасөз қызметі өкілі.

Мектеп директоры Күлшара Хамидуллина оқиға туралы айтып берді.

"Мектеп 1965 жылы салынған. Ешқашан күрделі жөндеуден өтпеген. Биыл жазда 130 миллион теңгеден аса сомаға күрделі жөндеу жоспарланған болатын. Өзім жұмыс орнымда болдым, өйткені мен де мұғаліммін. ҰБТ-ға дайындық бойынша 11-сыныпқа кеңес өткізіп жаттым. Айғай-шу болды, дабыл даусы шықты. Әрине, мен кабинеттен шығып, тексердім. Бұл уақытта мұғалімдер жұмыс істеп жатты: біреу олимпиадаға дайындалып, біреу кабинетте жұмыс істеп жатты. Бәріміз акт залында не болғанын көруге бардық. Эвакуация жүргізілді, сынып жетекшілеріне балалардың аман-сау екеніне сенімді болу үшін мектептің барлық оқушысын тексеру тапсырылды. Сол кезде (төбесі құлаған кезде) мектеп аумағында он бірінші сынып оқушылары болды. Ата-аналар балаларды интернат ғимаратындағы шағын орталықтан алып кетті", - деді мектеп директоры.

Сондай-ақ, Күлшара Хамидуллина оқу орны аумағында мұғалімдер мен жас мамандар кезекшілік ететінін айтты.

Мектеп-гимназияда 293 оқушы оқиды. Оқиға салдарын жойғанға дейін сабақ онлайн-режимге көшірілді.

Биыл СҚО әкімдігі оқу орнын жөндеуге қаражат бөлген. Тоқшын мектеп-гимназиясының төбесін, акт залы мен интернат ғимаратының төбесін ауыстыру жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети