29 тамыз 2020 13:53

СҚО-да үй өртеніп, бүтін бір отбасы көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысында түнде үй өртеніп, 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Солтүстік Қазақстан облысында түнде үй өртеніп, 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттен бүтін бір отбасы қаза тапқан. Оның ішінде 4 жасар қыз да бар.

Қайғылы оқиға 29 тамызда болған. Өрт туралы хабар шамамен таңғы сағат 4-те түскен. Есіл ауданы Ильинка ауылында үй өртенген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына бір сағаттан соң ғана барған. Себебі, өрт сөндіру бөлімі Явленка ауылында болған. Осы уақытта үй, аула, қора толығымен өртенген.

"Өрт сөндірушілер келгенше үйдің шатыры құлаған. Оқиға орнында "Ильинское" ЖШС өрт сөндіру бекеті мен 2 МТЗ-80 техникасы болған. Куәгерлердің айтуынша, өрт кезінде үйде адамдар болған. Өртті сөндіру барысында 1969, 1992 жылы туған ер адамдардың, 1969 жылы туған әйелдің, 4 жасар қыздың мәйіті табылды. Өрт толығымен 07.18-де сөндірілді", - делінген хабарламада.

Мамандар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети