18 қазан 2021 16:51

"Сөмкеде миллион барын білмедім". Жүргізуші автобус салонынан табылған зат туралы айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда автобус жүргізушісі салоннан ішінде миллион теңге бар сөмкені қалай тапқаны туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанайда автобус жүргізушісі салоннан ішінде миллион теңге бар сөмкені қалай тапқаны туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанайда Алтын Дала ауылының тұрғыны автобуста ішінде миллион теңгесі бар сөмкесін ұмытып кеткен. Ол жоғалтқанын үйіне барғанда ғана есіне түсірген. Осы күні №18 автобусты Владимир Панасюк жүргізген.

"Басқа бір жолаушы сөмкені маған беріп, салонда біреу сөмке тастап кеткенін айтты. Мен әйнектің жанына қоя салдым, сол жерде жатты. Мен соңғы аялдамаға келдім, механик салонда сөмке қалмады ма деп сұрады. Мен "міне тұр" дедім. Мен тіпті сөмкеге қолымның ұшын тигізбедім, ештеңе алмадым", - деді жүргізуші.

Әйел сөмкесінің жоғалып кеткенін білген соң күйеуіне қоңырау шалған, ол жолда патрульдік полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

"Қайырбеков-Қорған көшелерінің қиылысында "КамАЗ" жүргізушісі хабарласып, көмек сұрады. Ер адам әйелінің қоңырау шалып, автобуста ақшасы бар сөмкесін ұмытып кеткенін айтты. Бірнеше минут ішінде полиция автобус жүргізушісін анықтап, соңғы аялдамаға жетті. Жүргізуші әйелдің сөмкесін сол күйінде тапсырды", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция әйел жұбайының туған күніне азық-түлік сатып алып, автобустан асығыс шығып, сөмкесін ұмытып кеткенін айтты. Ол таксимен ауылға жетіп, жолақысын төлер кезде сөмкесін автобуста қалдырғанын түсінген. Ауыл тұрғыны миллион теңгені өзімен бірге алып кеткен, себебі ірі соманы үйде қалдыруға қорыққан. Бұл ақшаны ұлының үйлену тойына жинаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети