09 желтоқсан 2022 09:07

"Сүйіншісі бар". Қызылорда тұрғыны базарда 1 700 000 теңгесін жоғалтып алған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/kritikakyzylordy © instagram/kritikakyzylordy

Қызылорда тұрғыны базарда 1 700 000 теңге жоғалтып алып, әлеуметтік желіде тауып алғандар болса қайтаруды сұрап жазба қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылорда тұрғыны базарда 1 700 000 теңге жоғалтып алып, әлеуметтік желіде тауып алғандар болса қайтаруды сұрап жазба қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram әлеуметтік желісіндегі kritikakyzylordy-парақшасында қызылордалық ерекше хабарландыру жарияланды.

"Бүгін, 8 желтоқсанда сағат 9-дан өте "Мирас" сауда үйі мен "Асдекор" дүкенінің арасына 1 700 000 теңге көлемінде ақша түсіп қалған. Тапқан адамға сүйіншісі бар. Алған адам қайтарып беруіңізді сұраймын. Болмаса құзырлы органдарға жүгінеміз", - деп жазды пост авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kritika Kyzylordy (@kritikakyzylordy)

Пікір қалдырған қолданушылардың көбі кез келген адам мұндай үлкен соманы қайтарып береді дегенге күмәнданады.

"Тапқан адам қуанғанынан жылап жатқан шығар. Қолында сонша ақша барда, сүйінші оған не керек! Мұндай соманы қалай түсіріп алып жүр? Өзіміз қалатамызда 20 мың теңге болса түсіріп аламыз ба деп дірілдеп кетеміз. Желіге хабарландыру емес, полицияға арыз жазу керек", - деді қолданушы.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оларға мұндай өтінішпен ешкім хабарласпағанын хабарлады. "Іс тіркелген жоқ", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети