Талдықорғанда екі ер адам мен бір бала иіс тиіп қаза тапты

15 Ақпан, 11:56
0
Талдықорғанда екі ер адам мен бір бала иіс тиіп қаза тапты -  © фото:novgazeta.by
© фото:novgazeta.by

Талдықорғанда үш адам иіс тиіп қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға ақпанның 15-не қараған түні сағат 00.20-да болған. Анасы балаларын туыстарының үйіне қалдырып, өзі түнгі ауысымда автожууда жұмыста болған.

"1947 және 1966 жылғы ер адамдар мен 2015 жылғы бала қаза болған. Екінші бала 2011 жылғы емханада. Оның жағдайы аса ауыр. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде, барокамерада. Балаларды ер адамдардың қарауына қалдырып кеткен. Анасы жұмыста болған. Балалардың әжесі де ол кезде үйде болмаған. Әкімдік өкілдері отбасы мүшелеріне моральдық және психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Балалардың анасына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр", - деді баспасөз өкілдері.

Әкімдің өкілдерінің айтуынша, 2 ақпанда Төтенше жағдай департаментінің өкілдері ол үйді тексерген. Оларға өрт қауіспсіздігіне байланысты алдын алу шаралары туралы ескерткен.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай