02 қаңтар 2017 11:45

Талғарда жаяу жүргіншіні қаққан полицей қызметінен уақытша босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматы облысы ІІД Талғар ауданында болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, онда полиция патрулі кәмелет жасына толмаған баланы жаяу жүргіншіге арналған жолда өтіп бара жатқан жерінен қағып кеткен болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы ІІД Талғар ауданында болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, онда полиция патрулі кәмелет жасына толмаған баланы жаяу жүргіншіге арналған жолда өтіп бара жатқан жерінен қағып кеткен болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жол-көлік оқиғасы Алматы-Талғар тасжолынан 25-ші шақырымында болған, онда Алматы қаласының кәмелет жасына толмаған тұрғыны зардап шеккен. Талғар ауруханасына жатқызылған. Қызметтік көлікте Іле аудандық ІІБ қызметкері болған. Осы іс дерекетері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша іс қозғалған. Онымен Талғар аудандық ІІБ айналысып жатыр. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүріп жатқандықтан, патрулдік көлікті жүргізген полицей қызметінен уақытша босатылған", - деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Оның айтуынша, қылмыстық істің тергеу шаралары арнайы облыстық ІІД басшылығының бақылауына алынды.

Еске салайық, Талғар ауданының ОАБ қабылдау жол апатынан бөлімі зардап шеккен адамның 16.00-де ауыр халде түскенін растаған. Оның жарақатын ескере отырып, жансақтау бөліміне ауыстырылды. "Қазіргі уақытта науқастың халі тұрақты. Ол есін жиды. Оның денсаулығын дұрыс қалыпқа келтіру үшін кешенді шаралар жасалып  жатыр", - деді ауруханадағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети