21 мамыр 2020 13:44

Танысының көлігін өртеп жіберген өскемендік видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Өскеменде ер адам танысының көлігін өртеп жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өскеменде ер адам танысының көлігін өртеп жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға 12 ақпанда Назарбаев көшесінде болған.

Өртеніп кеткен Toyota Corolla көлігінің 28 жастағы қызға тиесілі екені анықталды. Сондай-ақ, осы көліктің маңында тұрған Subaru-ның алдыңғы жағының бүлінгені белгілі болды.

Оқиға орнына барған полицейлер қолғап пен бензин құйылған бес литрлік бөтелкені тапқан.

Өскемен қаласы Полиция басқармасының мәліметінше, ер адам "Сергек" камерасына түсіп қалған. Оның 33 жаста екені анықталды, осыған дейін сотты болған.

Ер адам қазір тергеу изоляторында, ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Полициядағылар күдікті мен зардап шеккен қыздың таныс екендерін айтып өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети