27 тамыз 2021 17:34

Тараз маңындағы жарылыстардан кейін жол бойындағы кешен тоналған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараз маңындағы жарылыстардан кейін белгісіз біреулер жол бойындағы кешенді тонап кетті. Бұл туралы "Тау дос" кешенінің иесі Жанна Назарбекова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тараз маңындағы жарылыстардан кейін белгісіз біреулер жол бойындағы кешенді тонап кетті. Бұл туралы "Тау дос" кешенінің иесі Жанна Назарбекова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кешен жарылыс болған әскери бөлімнен 500 метрде болғандықтан, соққы толқыны қуатты болған. Мекемеде терезелер қирап, шатыр құлаған, жиһаздар мен ыдыс-аяқ сынған.

"Біздің кешен Тараз қаласынан Алматыға шығатын жерде, Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолы бойында орналасқан. Әскери бөлім кешеннің артында, бізден 500 метр қашықта орналасқан. Былтыр мұнда Арыс қаласынан оқ-дәрілер жеткізілді", - дейді кешен иесі.

"Тау Дос" кешенінің жарылысқа дейінгі суреті

"Тау-дос" қызметкерлері әуелі әскери бөлім аумағында өрт шыққанын айтты. Өрт сөндірушілер келіп, өртті сөндіруге кіріскен. Оқ-дәрі бірден жарылған жоқ.

"Күйеуім екеуміз ол кезде кешенде болмадық, біз кеше ғана емделуге кеткенбіз. Кешкі сағат 18.00 шамасында даяшылар бізге қоңырау шалды. Олар жұмыста жүргенде жарылыс болған. Алғашқы толқын болғанда терезелер сынған, адамдар қорыққаннан қашып шыққан. Жартысы Михайловкаға қашқан, бұл жақын маңдағы ауыл. Кейін қатарынан бірнеше жарылыс болған. Кешен іші толығымен қирады. Шатыр, есіктер, терезелер - бәрі жарамсыз. Барлық мүлік бүлінген", - дейді кешен иесі.

Тонаушылар жағдайды пайдаланып, ғимараттан құнды заттарды, тіпті азық-түлікті де алып кеткен.

"Тонау түнде басталды, түнде олар барлық барды, тоңазытқыштарды босатып кеткен, ақша да ұрланды. Дүкенде, кафеде, миллион теңгеге жуық бір күндік табыс болған. Жұмысшылардың жеке заттары да жоғалып кетті. Олардың телефондары, заттары. Барлық жиһаз көшеде жатыр", - дейді Назарбекова.

Кешен иелері полицияға арыз жазған. Олар шығынды әлі есептеп үлгермеген. Үй иесінің айтуынша, жақында ғана ол банктен несие алып, жаңа шайхана салған, ол да қираған.

"Біз мұнда әрең жеттік. Бізді кіргізбеді, барлығы қоршауға алынған. Бүгін таңертең әскери киім киген бір ер адамды ұстап алдық. Біздің көзімізше қымбат алкогольдік сусындарды сөмкесіне салып алып барады", - деп ашуланды кешен иесі.

"Тау Дос" кешенінің қазіргі көрінісі. Видео

Бұған дейін Жамбыл облысындағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 9-ға жеткені айтылған болатын.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 66-ға жеткені хабарланған болатын. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.

Жарылыстардан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қауіпсіздік үшін жолдарға шектеу қойылғанын хабарлаған болатын. 

Жамбыл облысындағы жарылыстар: жедел желі нөмірлері жарияланды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети