16 тамыз 2016 17:05

Таразда жүргізуші әйел бес адамды қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© medoulse.ru © medoulse.ru

Таразда жүргізуші әйел бес адамды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Таразда жүргізуші әйел бес адамды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 15 тамызда шамамен сағат 19.20-да болған. Toyota Corolla автокөлігін мінген әйел Аппаев көшесінің бойымен Абай көшесіне қарай жүріп бара жатқан. Бір мезетте ол тізгінді игере алмай қалып, 20 жастағы тұрғынды қағып, артынша жолдың шетінде тұрған төрт адамды қаққан.

Алған жарақатынан 20 жастағы азаматша Тараз қаласының № 1 ауруханасының жансақтау бөлімінде жан тәсілім етті. Зардап шеккен төртеуінің бірі орташа жарақат алған, қалған үшеуінің жарақаттары ауыр емес. Жол апаты бойынша қалалық ІІД ҚР ҚК-нің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірнеше сараптамалық тексерулер тағайындалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети