23 маусым 2024 10:41

Таразда түнде болған жарылыстың себебі айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

қалалық әкімдік қалалық әкімдік

Таразда түнде болған жарылыстың себебі айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Таразда түнде болған жарылыстың себебі айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, кеше сағат 21.41-де Қарасу шағынауданындағы 26-үйдің кіреберіс асфальт жабындысы жарылып, жер дүмпіген. Қалалық газ шаруашылығы қызметі газ талдау құрылғысымен зерттеп, газ құбыры өтпейтінін және газ жарылмаған деген қорытынды жасады.

"Басқа коммуналдық қызметтер де өздерінің желілерін зерттеп, жасалған қорытынды нәтижесінде сағат 21.44-те Тараз қаласы Самал шағынауданында орналасқан 110/6 кВ-тық "Рысбек" подстанциясындағы 414-ұяшықтан шығып №10-тарату пунктіне баратын жоғары кернеулі жер асты кабелі істен шыққаны анықталды. Авариялық өшу кезінде ұяшық автоматты түрде өшіп, жер асты кабелі электр қуатынан ажыратылған. 110/6 кВ-тық электр кабелі оқиға болған жерден өтеді. Сағат 22.47-де жарықсыз қалған 10-шағынауданда резервті желілермен электр қуаты қалпына келтірілді", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға болған жерде жер асты кабелі тоқтан ажыратылып, қауіпсіз жағдайға келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 473.16   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети